Оның мәйіті өз үйінің ауласынан табылған
2022 жылғы 10 қаңтарда елордада тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полковнигі Азамат Ыбыраевтың мәйіті табылды.
Аталған фактіні Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіл аудандық полиция бөлімі 2022 жылғы 10 қаңтардағы №227116031000018 сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сондай-ақ бүгін Жамбыл облысы бас полицейінің өлімі туралы белгілі болды. Кейбір дерек бойынша, ол өз-өзіне қол салған.
Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ұсталды. 6 қаңтарда ҰҚК қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Сол күні осы қылмысты жасау күдігімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Қ.Мәсімов және басқа тұлғалар уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жаппай ауыс-түйіс жасады.