×

Жамбыл облысының бас полицейі көз жұмды

Оның өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады

 Халық үні 10.01.2022 | 12:10
фото: ашық дереккөзден

Кейбір дереккөздерге сүйенсек, Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, генерал Жанат Сүлейменов өз-өзіне қол салған. Сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктен кейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Жанат Сүлейменовтің көз жұмғанын растады. Алайда өлім себебінің неден болғанын хабарлаған жоқ.

Жанат Қуанышұлы Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет еткен.

Әр жылдары Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Криминалдық полиция комитеттерін, Көліктегі, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының полиция департаменттерін басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Ол 2020 жылғы 10 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама