Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген қаражат жымқырылған

Динара Амантай

Мемлекетке 130 млн теңге залал келтірілді

Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысында бассейн салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Балалар спортын дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар объектінің құрылысын бақылаған азамат орындалған жұмыстардың жалған актілері бойынша жеткізілмеген құрылыс материалдары үшін өзіне қарасты кәсіпорынның шотына, сондай-ақ бассейн құрылысына қатысы жоқ басқа кәсіпорындардың атына қаражат аударған, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Салдарынан мемлекетке 130 млн теңгеден астам залал келтірілген. Аталған азамат ұсталып, оған қатысты сот «үй қамаққа алу» шарасын қолданды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.