Halyq Uni логотип
×

Жезқазғанда «MetaGo» қаржы пирамидасы ұйымдастырушысына қатысты тергеу аяқталды

Олардың табысы 68 млн теңгеден асқан

 Динара Амантай 31.07.2024 | 10:39
Жезқазғанда «MetaGo» қаржы пирамидасы ұйымдастырушысына қатысты тергеу аяқталды
Фото: Halyq Uni

Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінше, екі азамат 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржы пирамидасын жарнамалаумен айналысқан, сондай-ақ оның Жезқазған қаласындағы филиалын басқарған. Олар жоғары табысты уәде ете отырып, компанияға облыс тұрғындарының қаржысын тартқан.

Күдіктілердің тапқан табысы 68 млн теңгеден асқан. Құны 37 млн теңгеден астам мүлкі бұғатталды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама