Halyq Uni логотип
×

Тараз әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды

Олар мемлекетке 100 млн теңгеден аса залал келтірді

 Динара Амантай 30.07.2024 | 09:04
Тараз әкімдігінің қызметкерлеріне қатысты тергеу басталды
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп, Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің қызметкерлеріне қатысты бірқатар заңбұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Агенттіктің мәліметінше, әкімдік қызметкерлері мемлекет кірісіне түскен тауарлық-материалдық құндылықтардың есепке алынбағанын пайдалана отырып, ресми құжаттарды қолдан жасау арқылы соттардың үкімдері бойынша тәркіленген коммерциялық жылжымайтын мүлік пен халық тұтынатын тауарларды мекеменің балансынан заңсыз шығарып алған. Олардың заңсыз әрекеттерінен салдарынан мемлекетке келтірілген залал 100 млн теңгеден асады.

Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша іс жүргізу шешімдері қабылданады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама