×

Цифрлық майнингке салынатын салық мөлшерлемесі артуы мүмкін

Бұан қатысты заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды

 Динара Амантай 08.06.2022 | 11:46
Фото: currency.com

Мәжілістің жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

 Заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында, 2022 жылғы 12 қаңтарда отандық бизнес өкілдерімен кездесуде, сондай-ақ 2022 жылғы 21 қаңтарда отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуде айтылған жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мәліметінше, заң жобасы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға, капиталды шетелге шығару тәуекелін азайтуға, өндірісті дамытуға қаражатты қайта инвестициялауға, жаңа кен орындарын игеру үшін ынталандыру шараларын қолдануға, сондай-ақ салық саласында әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.

 Оның ішінде, аталған заң жобасы аясында:

 - салық салудың сараланған тәсілін қолдана отырып, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мөлшерлемелерін ұлғайту, рентабельділік деңгейіне байланыстыра отырып, жаңа кен орындары үшін осындай салықты төлеуден босату;

- дивидендтер бойынша жеңілдіктердің күшін жою және оларға салық салу, бейрезидент-үлестес тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді қолдануды шектеу;

 - цифрлық майнингке салық салу мөлшерлемелерін арттыру;

- төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген залалды өтеу кезінде салық жеңілдіктерін беру мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу;

- темекі өнімдеріне акциз ставкаларын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімнің нормаларын іске асыру мақсатында белгілеу ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Манту орнына БЦЖ: министр екпеден зардап шеккен балалардың ата-аналарымен кездесті

Балалар қысқы демалыста «Бурабай» санаторийінде сауықтырудан өтеді
01.12.2022 | 16:16

«Мақсатымыз – эмоционалдық қолдау»: Кез келген адам балалар үйінде тәлімгер бола алады

Қазақстанда 4 мыңнан астам бала жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатыр
01.12.2022 | 16:06

Иранда ереуілшілер өз футболшыларының жеңіліп қалғанын тойлады

Халық билікке қарсылығын осылайша білдіріп отыр
01.12.2022 | 15:58

Жамаубаев қазақстандық делегацияны бастап Жапонияға барды

Онда елімізге инвестиция тарту мәселесі талқыланады
01.12.2022 | 15:52