Halyq Uni логотип
×

Қазпошта кассирлері 84 млн теңге жымқырған

Олар көші-қон қызметіне жалған ақпарат енгізілген түбіртек ұсынған

 Динара Амантай 22.07.2024 | 10:36
Қазпошта кассирлері 84 млн теңге жымқырған
Фото: Halyq Uni

Алматы облысындағы «Қазпошта» АҚ кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды жымқырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.

Олар көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.

Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама