Halyq Uni логотип
×

Қадағалау тобының басшысы 9 млн теңге бопсалаған

ҚМА сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

 Динара Амантай 09.07.2024 | 09:11
Қадағалау тобының басшысы 9 млн теңге бопсалаған
Фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында денсаулық сақтау объектілерін салу кезінде заңсыз сыйақы алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Авторлық қадағалау тобының басшысы бопсалау арқылы орындалған жұмыстар актілеріне және пайдалануға беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде дәрігерлік амбулаториялар салуды іске асыратын компанияның бас инженерінен 9 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды, – делінген ҚМА хабарламасында.

Күдікті аталған объектілерді салу құнының жалпы сомасының 1%-ы көлемінде ақшаны алу кезінде ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама