×

86 мың қазақстандық жаңа үлгідегі жеке куәлік алды – ІІМ

Жаңа құжатты алуға асығудың қажеті жоқ

 Дәурен Ерболат 01.07.2024 | 15:27
Фото: Halyq Uni

Биыл 15 маусымнан бастап 86 мың қазақстандық жаңа үлгідегі жеке куәлік алды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2024 жылғы 15 маусымнан бастап жаңа үлгідегі Қазақстан азаматының жеке куәлігі қолданысқа енгізілді. Сол уақыттан бері 86 мыңға жуық жеке куәлік әзірленді. Онда жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Жалпы жаңа дизайнды жасау үшін бюджеттен ешқандай шығын болмады, - деді Шыңғыс Алекешев ІІМ-де өткен брифингте.

Ол жарамдылық мерзімі әлі аяқталмаған жеке куәліктер жарамды болатынын атап өтті.

Яғни бір мезгілде жаппай құжат ауыстыру науқаны болмайды. Тек жеке куәлігінің пайдалану мерзімі біткен азаматтардың құжаты жаңа дизайнда жасалып беріледі, - деді ресми өкіл.

Бұған дейін елімізде жеке куәлік дизайны өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама