×

Қазақстанда жеке куәлік дизайны өзгеруі мүмкін

Жоба 21 мамырға дейін ашық талқыланады

 Дәурен Ерболат 03.05.2024 | 15:33
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда жеке куәліктің дизайны өзгеруі мүмкін. Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жеке куәлік – әрбір қазақстандықтың жеке басын куәландыратын құжат. Қазақстанда азаматтарға жеке куәлік 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында ғана жарамды. Қазақстанда тұратын барлық адамның жеке куәлігі болуға міндетті.

Жаңа өзгеріс төмендегідей:

  • Куәліктің беткі жағында «ЖЫНЫСЫ» деп жазылады.
  • Ал құжаттың артқы жағына штрих-код түрінде кодталған ЖСН және азаматтығы туралы деректер жазылады.

Жоба 21 мамырға дейін талқылауға ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама