Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергелуде
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.
Ал ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі 6 шілдеге дейін, ал тағы бір орынбасары Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылған.
Біз бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-басшыларының қамау мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылғанын жазған болатынбыз.
Ал референдум қарсаңында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында Кәрім Мәсімовтың Назарбаев қоры кеңесінің төрағасы болғанын атап айтқан болатын.
Айта кетсек, Кәрім Мәсімовтің ісі Қылмыстық кодекстің «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бабы бойынша тергелуде. Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергелуде.