Жер сілкінісі түнде тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 маусымда Астана уақытымен сағат 03.56-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары: 47.15 с.е. 83.56 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 683 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында әсері қатты сезілмеген – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
Алматыда тағы да жер сілкінді. Алматыда жер сілкінісін ескерту жүйесі іске қосылады.