Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында алкоголь өнімін заңсыз өндіргендер сотталды

Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асты

 Динара Амантай 19.06.2024 | 12:21
Ақмола облысында алкоголь өнімін заңсыз өндіргендер сотталды
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысының аумағында жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, суррогатты алкоголь өнімін заңсыз өндіргендердің әрекетін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттік мәліметінше, Степногорск қаласы тұрғынының басшылығымен 6 адамнан тұратын Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында суррогат алкоголь өнімдерін сатқан адамдар тобы әшкереленген. 20 мыңнан астам дайын өнім бөтелкелері және 100 мыңнан астам бос бөтелкелер, құрамында спирті бар сұйықтық, спирт, жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.

Қылмыстық әрекет кезеңінде ақша айналымы 350 млн теңгеден асқан.

Сот үкімімен іс бойынша айыпталушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастырған 4,6 млн теңге көлеміндегі қаражат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама