Қостанайда үй өртеніп, екі адам қаза тапты
Төтенше жағдай жайлы көршілер хабарлаған
6 маусым күні сағат түнгі 00:04-те Қостанайда Абай даңғылы бойындағы екі қабатты тұрғын үйде жалын шыққан. Бұл туралы көршілер айтқан, деп мәлімдеді Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті.
«Өрт сөндірушілер келген кезде жалын 250 шаршы метрді қамтып, бүкіл үйге тараған. Тұрғындардың шатыры, жабындары, үй заттары жанған. Төтенше жағдай салдарынан 10 шаршы метр алаңда көршілес екі қабатты жеке тұрғын үй шатыры мен итарқа ішінара зардап шеккен. Құтқарушылар жалынды сағат 01:15-те оқшаулап, көрші тұрғын үйлерге одан әрі таралу қаупін жойды. Сағат 02:26-да өрт сөндірілді. Төтенше жағдай орнынан 1972 және 1984 жылы туған екі ер адамның мәйіті табылды», – дейді департамент.
Қазір болған оқиғаны өрт сөндіру зертханасының мамандары талдап жатыр. Жалынның шығу себебі анықталуда.
«Баянауыл» ұлттық табиғи саябағы жанып жатыр. Алматыда ірі сауда орталығы өртенді.