×

Алматыда ірі сауда орталығы өртенді

Өрт оған жапсарлас бургер және дөнер дайындайтын дүңгіршектен шыққан

 Динара Амантай 06.06.2022 | 10:49
Фото: inform.kz

Әлеуметтік желіде «Life town» сауда орталығына жапсарлас орналасқан бургер және дөнер дайындайтын дүңгіршектен өрт шыққаны туралы хабар тарады. Жалын сауда орталығын шарпыған.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 6 мамыр күні таңғы 5:45 шамасында шыққан.

Дөнер сататын дүңгіршектен шыққан өрт сауда орталығының екінші қабатына ұласқан. Қызыл жалын 150 шаршы метр жерді шарпыды. Алғашқы бөлімшелер шақыру орнына сағат 05:50-де келді. Өрт 06:16-да ауыздықталып, 06:30-да толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деп хабарлады департаменттен.

Өртті сөндіруге 13 бірлік техника мен жеке құрамнан 50 адам жұмылдырылды.


 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама