Halyq Uni логотип
×

Ел аумағында жалған ақша жасаудың 13 фактісі тіркелген

Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы сомасы 55 млн теңгеден асады

 Динара Амантай 18.06.2024 | 09:04
Ел аумағында жалған ақша жасаудың 13 фактісі тіркелген
Фото: Halyq Uni

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізуге байланысты істерді тергеп-тексеру тек қана агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің құзыретіне жататынын ескертті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың басынан бері ел аумағында 13 жалған ақша жасау фактісі тіркелген (2023 жылы – 45 қылмыстық іс, 2022 жылы – 44 қылмыстық іс).

Тек 2023 жылы және 2024 жылдың басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 763 жалған банкнот тәркіленді. Оның ішінде ұлттық валютада 1 378 200 теңге көлемінде 384 купюра, 120 050 АҚШ долларына 1 342 купюра, 17 500 еуроға 35 купюра, 10 000 рубль көлемінде 2 купюра анықталды. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы көлемі 55 млн теңгеден асады.

ҚР ҰБ жалған банкноттары мен монеталарын не шетел валютасын өткізу мақсатында дайындау немесе сақтау мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге (ауырлығына қарай) бас бостандығынан айыруға жазаланатынын хабардар етеміз, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама