Halyq Uni логотип
×

ҚТЖ қарызы неге 2,9 трлн теңгеге жеткені айтылды

2025 жылы ұлттық компанияның берешегі 3 трлн теңгеден асуы мүмкін

 Дәурен Ерболат 12.06.2024 | 18:15
ҚТЖ қарызы неге 2,9 трлн теңгеге жеткені айтылды
Қанат Әлмағамбетов, ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары

«Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов ұлттық компанияның қарызы неге тым көбейіп кеткенін түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық компания басшысы орынбасарының айтуынша, биыл ҚТЖ қарызы 2,9 трлн теңгеге жеткен.

Оның 2 трлн теңгесі локомотивтер, жолаушы және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалды, ал қалған 0,9 трлн теңге темір жол салуға бөлінді. 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басына қарай компанияның қарызы 3 трлн теңгеден асуы мүмкін. Өйткені, бұл қаржыны қарызға алып, кейін қайтарамыз, - деді Қанат Әлмағамбетов Мәжіліс кулуарында.

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның бүгінде қаржылық жағдайы қиын компаниялардың қатарында екенін айтты. Палата төрағасының айтуынша, соңғы 4 жылда теміржол саласын дамытуға шамамен 2 трлн теңге бөлінген. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 332 млрд теңге жұмсалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама