×

Еркін күрес: Әлішер Ерғали рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды

Юсуп Батырмұрзаев күміс, Ризабек Аймұхан қола жүлдеге ие болды

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2024 | 10:48
Фото: Olympic.kz

Мажарстанның Будапешт қаласында еркін күрестен рейтингтік турнирде 97 келі салмақта Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды. Ол әзербайжандық Магомеджан Магомедовпен белдесуі керек болған. Алайда қарсыласы кілемге шыққан жоқ. Осылайша, Әлішер Ерғали жеңімпаз атанды.

Осы салмақта қола жүлдеге күрескен Ризабек Айтмұхан словакиялық Батырбек Цакуловтан басым түсіп, жаңа салмақтағы кезекті жүлдесін алды. 

Ризабек Аймұхан жартылай финалда Магомеджан Магомедовтен 7:15 есебімен жеңілген болатын.

Аса ауыр салмақта белдескен Юсуп Батырмұрзаев финалда америкалық Мэйсон Пэрристен жеңіліп қалды. Белдесуде америкалық спортшы уақытынан бұрын жеңіске жетті. 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама