×

Қазақстан балуандары Мажарстандағы турнирдің финалына шықты

Еркін күрес шеберлері Әлішер Ерғали мен Юсуп Батырмұрзаев алтын жүлдеге таласады

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2024 | 17:48
Фото: Olympic.kz

Мажарстанның Будапешт қаласында күрестен өтіп жатқан рейтингілік  турнирде еркін күрес балуаны 97  келі салмақтағы Әлішер Ерғали жеңімпаз атағы үшін бозкілемге шығады.

Ол финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовпен белдеседі. Жарыста Ерғали Түркия, Грузия мен Иран балуандарын жеңді. 

Осы салмақтағы тағы бір өкіліміз, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан турнирдің жартылай финалында сүрінді. Ризабек Айтмұхан әзербайжандық спортшы Магомедовті 15:7 есебімен жеңді. Енді ол қола медаль үшін словакиялық Батырбек Цакуловке қарсы шығады. 

Аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмұрзаев та финалда белдеседі. Оның финалдағы қарсыласы – америкалық Массон Марк.

Турнирде Батырмұрзаев Египет пен Грузия балуандарынан айласын асырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама