×

Алматыда учаскелердің біріне ресейлік БАҚ өкілдері аккредитациясыз келген

Заңға сәйкес, шетелдік журналистер СІМ немесе ОСК-да тіркелуі тиіс

 Дәурен Ерболат 05.06.2022 | 15:30
фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласы аумақтық референдум комиссиясының төрайымы Жанна Асанова қаладағы учаскелердің біріне ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредитациясыз келгенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол референдум комиссиясының мүшелері бақылаушылармен тығыз байланыста екенін атап өтті.

Қандай да бір түсініксіз жағдайлар болған жоқ. Алайда шетелдік БАҚ өкілдері учаскелердің біріне аккредитациясыз келді. Бұл – ресейлік ұйымның өкілдері. Олар учаскеге жіберілген жоқ. Шетелдік БАҚ өкілдері Қазақстанда орталық сайлау комиссиясында немесе Сыртқы істер министрлігінде алдын ала аккредиттеледі, - деді Жанна Асанова брифингте.

Айта кетейік, алматылықтардың референдумға қатысу белсенділігі төмен. Ал бүгінде 6 милионнан аса қазақстандық дауыс берген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама