×

Референдум: алматылықтардың белсенділігі төмен

Жалпы еліміз бойынша 5,1 млн адам дауыс берді

 Дәурен Ерболат 05.06.2022 | 12:28
фото: Halyq Uni

Қазақстанда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдерді тізімге енгізілген қазақстандықтардың жалпы санының 43,70 пайызы алды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Өңірлер бойынша: Ақмола облысы – 41,31%, Ақтөбе облысы – 41,14%, Алматы облысы – 43,05%, Атырау облысы – 37,33%, Батыс Қазақстан облысы – 47,58%, Жамбыл облысы – 55,15%, Қарағанды облысы – 55,60%, Қостанай облысы – 49,96%, Қызылорда облысы – 48,73%, Маңғыстау облысы – 36,02%, Павлодар облысы – 51,17%, Солтүстік Қазақстан облысы – 58,25%, Түркістан облысы – 46,69%, Шығыс Қазақстан облысы – 48,86%, Нұр-Сұлтан қаласы – 37,03%, Алматы қаласы – 20,14%, Шымкент қаласы – 44,61% дауыс берді, - деді Орталық референдум комиссиясының мүшесі.

Еске сала кетсек, дауыс беру уческелеріне азаматтардың келуі жөніндегі келесі ақпарат 14.00-де жарияланады.

Айта кетейік, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша референдумға электораттың 28,59% қатысты. Жалпы Қазақстанда дауыс беруге құқығы бар электорат саны – 11 722 536 адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама