Назарбаев референдумда дауыс берді
Ол дауыс беретін учаске «Астана Опера» театрында орналасқан
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдумда дауыс беруге келді. Ол дауыс беретін учаске «Астана Опера» театрында орналасқан.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев саясаттанушы Данияр Әшімбаевқа берген сұхбатында референдум уақыт талабы сай болса және қоғамның ілгерілеуіне, демократиялық дамуына ықпал етсе, әр ұрпақтың негізгі заңға өзгерістер енгізуге құқығы бар деп санайтынын айтқан еді.
Еске сала кетсек, жаңартылған Конституцияда бірінші президенттің статусы, өкілеттілігі мен басымдықтарын алып тастау да қарастырылған.