Үндеу қазақстандықтарға арналған
Бас прокуратура қазақстандықтарға маңызды үндеу жария етті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Жақында мессенджерлерде жалған аккаунттар құру, прокуратура органдары қызметкерлерінің, тіпті басшылығының атынан алаяқтық әрекеттер белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті, деп мәлімдеді ведомство.
Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады. Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз, – деді баспасөз қызметі.
«Гавриленко кінәсін мойындады». Саясат Нұрбек «Болашақ» орталығындағы дауға жауап берді. Елімізде бірден 42 зейнетақы алған азамат анықталды.