×

Елімізде бірден 42 зейнетақы алған азамат анықталды

Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді

 Халық үні 29.05.2024 | 22:37
фото: Halyq Uni

Елімізде бірден 42 зейнетақы алған азамат аныөталды. Ол бір мезгілде 3,5 жыл (42 ай) үшін зейнетақы төлемдерін алған. Төлемдердің жалпы сомасы 2 млн теңгеден асты, деп хабарлады Halyq Uni..

Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Бас прокуратурада Берік Асыловтың Конституциялық Соттың төрағасы мен судьяларымен кездесті. Онда азаматтардың құқықтарын нақты қорғаудың мысалдары айтылды.

Атап айтқанда, прокуратурада Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының жалпы сомасы 20 млн теңгеден астам зейнетақы құқықтарын қалпына келтіру туралы мәселе көтерілді.

Істің бірінде азамат Б. оны соттан тыс тәртіппен зейнетақысынан айырғаннан кейін үш жарым жыл бойы әртүрлі мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларына сәтсіз жүгінді. Конституциялық сотқа жүгінгеннен кейін оның зейнетақысы қалпына келтірілді және оған 2 миллион теңгеден астам сомаға бұрын заңсыз ұсталған зейнетақы төлемдері аударылды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама