Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Өрт сөндірушілер жолаушылар автобусындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Алматы облысы Байсерке ауылында қоғамдық көлік жанды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Жолда көлігіңіз жана бастаса, оны дереу тоқтатып, көліктен шығып кету керек. Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 телефондарына хабарласу қажет.
Атырауда алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО). Түркістан облысында балабақша өртенді.