×

Атырауда алапат өрт сөндірілді (ВИДЕО)

Мамандар жарылыстың болуына жол бермеді

 Дәурен Ерболат 31.05.2024 | 10:30
Фото: ТЖМ

Атырауда 4 қабатты үйдің жанында тұрған гараждар өртенді, деп хабарлады ТЖМ.

Оқыс оқиға кеше түнде болған. Қаладағы 4 тұрғын үйдің жанындағы 5 гараж өртенген.

Мамандар өрттің таралуына және жарылыстың болуына жол бермеді. Гаражда тұрған бір көлік қауіпсіз жерге шығарылды.

Ауданы 180 шаршы метр болатын өрт толық сөндірілді.

Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама