Бас прокуратура Алматы полициясының бұрынғы басшысына қатысты мәлімдеме жасады
Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді
Бас прокуратура Алматы қаласы полиция департаментінің экс-басшысы Қанат Таймерденов ұсталды деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Telegram-да Алматы қаласының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – делінген хабарламада.
Осыған орай, Бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, азаматттар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталғаны хабарланды.