×

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды

Ол 2022 жылғы қаңтардағы арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау ісі бойынша тергеліп жатыр

 Динара Амантай 28.05.2024 | 13:48
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бас прокуратура 2022 жылдың қаңтарында Алматы облысы Қарасай ауданы Кошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау орнында азаматтарды азаптау бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қылмыстық іс шеңберінде, 2024 жылғы 28 мамырда ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Б. Абильбеков ұсталды, – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

ҚПК-нің 201-бабы негізінде іс бойынша өзге де толығырақ ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама