×

Астана балабақшаларына азық-түлік жоғары бағамен жеткізіліп отырған

Бірқатар компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 28.05.2024 | 12:06

Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жоғары бағамен жеткізілген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сауда үстемесін көтеруге жол берген бірқатар компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Астана қаласы әкімдігі білім басқармасының басшылығымен бірлесіп, 98 мектепке дейінгі ұйымдармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде балабақшалар бойынша шарттың жалпы сомасын азайту жөнінде ӘМАТ жеткізушілерімен өзара келісім бойынша қосымша келісімшарттар жасалады.

Қазір қаланың 21 мектепке дейінгі мекемесіне ӘМАТ жеткізу шарттары бойынша бағаны төмендетуге қол жеткізілді.  Олар бойынша үнемдеу 31 млн теңгеден асты. Бағаның төмендеуі келесі азық-түлік тізімі бойынша байқалуда: сәбіз 49%-ға (336-дан 170 теңгеге дейін), картоп 40%-ға (336-дан 200 теңгеге дейін), қырыққабат 54%-ға (370-тен 170 теңгеге дейін), пияз 45%-ға (220-дан 120 теңгеге дейін) төмендеді, – делінген ҚМА хабарламасында.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама