Halyq Uni логотип
×

Шымкентте заңсыз майнерлер ұсталды

Олар 100 млн теңгеден аса пайда тапқан

 Динара Амантай 24.05.2024 | 11:45
Шымкентте заңсыз майнерлер ұсталды
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте заңсыз майнерлер ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.

Тергеу барысында 1 мыңнан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндірге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып, тәркіленді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама