Жетісу облысында жалған шот-фактура жазумен айналысқан кәсіпкер ұсталды

Динара Амантай

Тергеу барысында 285 млн теңгеден астам келтірілген шығын толығымен өтелді

Фото: Halyq Uni

Жетісу облысының тұрғыны пайда табу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамастан, жалған шот-фактуралар жазып берген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған азамат басқа ЖШС-ға өзі бақылайтын ЖШС атынан жалған шот-фактуралар жазып, салдарынан аса ірі көлемде залал келтірген. Тергеу барысында 285 млн теңгеден астам келтірілген шығын толығымен өтелді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.