×

Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды

Мемлекет басшысы бірқатар ауыс-түйіс жасады

 Халық үні 05.01.2022 | 09:16
Әлихан Смайылов, фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов ҚР премьер-министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Одан бөлек, Мұрат Нұртілеу Президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ерлан Қарин ҚР Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылып, ҚР мемлекеттік хатшысы лауазымына тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама