Halyq Uni логотип
×

Балаларды қорғау орталығы азық-түлікті қымбат бағаға сатып алып отырған

Тауар жеткізуші жауапқа тартылды

 Динара Амантай 21.05.2024 | 09:56
Балаларды қорғау орталығы азық-түлікті қымбат бағаға сатып алып отырған
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысының қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығында әлеуметтік маңызды азық-түлікті жоғары бағамен сатып алу фактілері анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қазір орталықта 120-дан астам кәмелетке толмаған бала тәрбиеленіп отыр.

Агенттік анықтағандай, тауарды жеткізуші нанды 140 теңгеден сатып алып, оны балалар үйіне 354 теңгеге (153% үстемақымен) сатқан. Сондай–ақ, ол қарақұмық жармасын 145% (келісін 281 теңгеге алып, 687 теңгеге сатқан), күнбағыс майын 63% (литрін 600 теңгеден алып, 977 теңгеге сатқан), қантты 38% (келісін 350 теңгеден алып, 480 теңгеге сатқан) үстемақымен жеткізген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ӘМАТ-қа шекті сауда үстемесінің мөлшері 15%-дан аспауы тиіс.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал орталықпен жасалған ӘМАТ-ты жеткізу шарты 1,3 млн теңгеге төмендету жолымен қайта қаралды. Сондай-ақ, агенттік қабылдаған шаралар нәтижесінде өңірдің бірқатар балабақшасы жеткізушілермен сатып алу бағасын 3,9 млн теңгеге төмендете отырып, қосымша келісімдер жасасты, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.
 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама