×

Ақтөбе облысында өрттен екі адам қаза тапты

Үй толығымен жанып кеткен

 Қымбат Елтайқызы 18.05.2024 | 16:00
фото: abai.kz

Ақтөбе облысында баспана отқа оранды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қайғылы жағдай осы түні Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған. Оқиға орнында жалынды сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адамның денесі табылды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Құтқарушылар 90 шаршы метр алаңдағы өртті тоқтатты. Қазір себебі анықталып жатыр. ТЖМ азаматтарды тұрмыстағы от қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Шымкентте мектеп шатыры жанып кетті. Қостанай облысында бір күнде екі көлік жалындады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама