×

Шымкентте мектеп шатыры өртенді

Өрттің ауданы – 280 шаршы метр

 Динара Амантай 15.05.2024 | 11:25
Фото: Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі

Бүгін Шымкент қаласының Еңбекші ауданында екі қабатты орта мектеп ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

ТЖД мәліметінше, барлық оқушы мен мұғалімдер қауіпсіз аймаққа шығарылған. Өрт сөндірушілер 280 шаршы метр аумаққа тараған жалынды жойды.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама