×

Аида Балаева Бекболат Тілеухан мен журналист арасындағы жанжалға пікір білдірді

Журналист полицияға арызданған

 Ербол Тұрымбет 30.12.2021 | 09:33
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Айта кетейік, 29 желтоқсанда өз өтініші бойынша Бекболат Тілеуханның Мәжілістегі өкілеттігі тоқтатылып, ол біраз демалып, емделгісі келетінін айтты. Сондай-ақ өзінің Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындалғанын жеткізді.

Мәжіліс кулуарында журналистер экс-депутатты сұрақтың астына алып, Бекболат Тілеуханға бірнеше сұрақ жаудырды. Журналист Айнұр Коскина депутат Бекболат Тілеуханға оның көп әйел алуға қатысты ойын сұрады. Депутат өзінің бірнеше әйелі барын ешқашан жасырмағанын жеткізді. Содан кейін журналист Қазақстанда көп әйел алуға тыйым салатын заңды қабылдаған депутат-әріптестері бұған қалай қарайтынын сұрады. Ол әріптестерінің қалай қарайтынын білмейтінін айтып, лифтке кірді. Журналист те оның артынан кірмек болды. Коскинаның сөзінше, Бекболат Тілеухан оны басынан ұрып, монопод штативін сындырған. Содан кейін журналист полиция шақырды.

Бұрынғы депутат пен журналист арасындағы жанжалға қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Бүгін парламент ғимаратында журналист Коскина мен сұхбат беруші Тілеухан арасында болған оқиға журналистика кәсібінің ерекше қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін ерекше мамандық екендігін кезекті рет дәлелдеді. Әрине, сұхбат берушінің журналистке қатысты эмоциялық әрекетін ақтау қиын, - деді Балаева журналистің ең алдымен әйел екенін еске салып.

Министр мәдениетті қарым-қатынас этикасы кез келген сұхбат барысында сақталуға тиіс екенін айтып, Ақпарат министрлігі журналистердің заңды мүддесін, кәсіби құқығын заң аясында қорғауда қашан да дайын екенін жеткізді.

Десе де, мәселенің екінші жағы да бар: ол – журналистің кәсіби білігі мен ішкі мәдениеті. Спикердің жеке өмірі құпиялығы мен құқығын сақтау, тақырып ауқымындағы сұрақтардан тыс ауытқымау, диалог логикасын нақты ұстану – бұл ешкім жоққа шығармайтын жалпыға ортақ өркениет ережелері, - деді министр Facebook парақшасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама