×

Қазақстанда жыл басынан бері жасқа толмаған 2,7 мың сәби шетінеген - статистика

Елімізде өлім-жітім көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 10,4% көп

 Халық үні 16.11.2021 | 16:09
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Биыл - қаңтар-қыркүйекте Қазақстан халқының табиғи өсімі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда (189,3 мың адам) 6,3% өсіп, 201,2 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті: 1000 адамға шаққанда - 14,16. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан хабарланды.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте туылғандар саны 338,8 мың адамды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке (313,9 мың адам) қарағанда 7,9% көп. Туу бойынша жалпы коэффициент: 1000 адамға шаққанда - 23,84.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 137,6 мыңды құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекке (124,7 мың адам) қарағанда 10,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті: 1000 адамға шаққанда - 9,68.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте республикада 1 жасқа дейінгі шетінеген 2682 нәресте тіркелді. 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (2448 шетінеген нәресте) 9,6% артты. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті: 1000 нәрестеге шаққанда - 7,92 оқиға.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама