×

Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева тағы да чемпион атанды

Бүгін ұлттық құрама командалық жарыста 3 жүлде алды

 Дастан Жұмабекұлы 04.05.2024 | 14:47
Фото: Olympic.kz

Көркем гимнастикадан Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева тағы бір алтын жүлдені жеңіп алды.

Ол шығыршықпен жаттығудан Азия чемпионы атанды. Бұл жаттығуда спортшы 33,90 ұпай жинады. Ал күміс медальді жапониялық Рейна Мацусака, қола жүлдені Айбота Ертайқызы иеленді.

Кеше Елжаңа Таниева көпсайыстан Азия чемпионы атанып, Олимпиялық ойындарға жолдама алған еді. Сонымен бірге бүгін Қазақстан ересектер құрамасы 5 шығыршықпен жаттығуда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ал еліміздің жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыстан алтын және күміс медальға ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама