×

Гимнасшы Елжаңа Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Ұлттық құраманың көшбасшысы көпсайыста дес бермей, топ жарды

 Дастан Жұмабекұлы 03.05.2024 | 14:27
Фото: Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медаль алып, Олимпиаданың жолдамасын иеленді.

Ұлттық құраманың көшбасшысы көпсайыста дес бермей, топ жарды. Ал Айбота Ертайқызы жарысты 5-орынмен аяқтады.

Енді Қазақстан спортшыларында Париж Олимпиадасының 50 жолдамасы бар. Олар спорттың 17 түрінен лицензия жеңіп алды.

Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасында ел намысын Алина Әділханова, оған дейін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жарыста Сабина Әшірбаева, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Анна Алябьева, 2008 жылы Бейжің мен 2004 жылы Афинада жалауы желбіреген жарыста Әлия Юсупова қорғаған болатын.

Ең жақсы нәтиже Әлия Юсуповаға тиесілі. Ол 2004 жылы көпсайыста және 2008 жылы ұршық жаттығуында 4-орын алған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама