Су тасқыны: 6 338 адам әлі эвакуациялау пунктерінде

Динара Амантай

«Жедел желі» телефондарына 2 мыңнан аса қоңырау түскен

Фото: Мейірбек Тажқұранов

ТЖМ баспасөз қызметі су тасқыны бойынша сағат 10:00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, республика бойынша 43 мың 15 адам өз үйлеріне оралған. 6 338 адам – эвакуациялау пункттерінде.

Республика бойынша 7 710 жеке тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Сондай-ақ «Жедел желі» телефондарына 2 261 қоңырау түскен.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 мыңнан астам  адам, 1 529 техника, 226 су сору құралы және 100 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма және Кіші Үлбі өзендерінде су деңгейі көтерілді. Алтай және Глубоковский аудандарына ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімі мен Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдары жіберілді. Аэровизуальды барлау жүргізіліп жатыр.