Өскеменде 5 қабатты тұрғын үйде пәтер өртенді

Динара Амантай

Құтқарушылар 5 адамды эвакуациялады

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Өскеменде бес қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, жеке заттар өртенді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқиға орнына жедел барған өрт сөндіру бөлімшелері 5 тұрғынды эвакуациялады, олардың біреуі – бала. Өрт 3 шаршы метр аумақта жойылды.

ТЖМ тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.