1 мамырға ауа райы болжамы жарияланды

Халық үні

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі

Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 1 мамырда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, онымен жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, найзағай, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта – бұршақ, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте – тұман болады. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында, Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде 1-6 градус үсік күтіледі.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.