Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды

Дастан Жұмабекұлы

Қазақстан құрамасы Астанада Оңтүстік Корея командасымен ойнайды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Ұлыбританияның астанасы – Лондонда Билли Джин Кинг кубогы плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Корея командасымен ойнайды. Бұл матч Астанада 15-16 немесе 17-18 қарашада болады.

Іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. 

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Токиода Жапонияға жол беріп, командалық әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмаған еді.

Ал Мадридте өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бір-біріне қарсы ойнайды.