Қазақстандағы ең танымал есімдер жарияланды

Дәурен Ерболат

Қазақтар қысқа есімді ұната бастаған

Фото: Halyq Uni

Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша танымал есімдер мен тектерді жариялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Дерекке сәйкес, 10 реттен көп кездесетін 33 мыңнан астам есім және 100-ден астам рет кездесетін 29 мың тектің бары анықталды.

Қазақстанда ерлер арасында ең танымал есім төмендегідей:

  • Азамат (63 мың адам);
  • Серік (53 мың адам);
  • Марат (50 мың адам).

Әйелдер арасында:

  • Аружан (73 мың адам),
  • Мәдина (59 мың адам),
  • Динара (59 мың адам).

Ерлер мен әйелдер арасында бір мезгілде танымал болған есімдер – Бақыт пен Сәулет. Ерлерге де, әйелдерге де тән есімі бар адам саны – 585 мың.

Қазақ ер есімдеріне ең көп жалғанған сөздер «бай», «бек», «жан», «хан» болды. «Бек» өткен ғасырда өте танымал болғанмен, 2000-жылдардан кейін бәсеңдей бастады. Алайда құрамында «хан» сөзі бар есімдер соңғы 30 жыл бойы тұрақты түрде өсіп келеді.

Қазақтар қысқа есімдерді көбірек ұната бастаған. Бір қызығы, 70-80-жылдарды қоспағанда, ерлердің есімдері әйелдердікінен ұзағырақ болған.