×

«Соңғы қоңырау» күні Атырау жұртын әбігерге салған жігіт ұсталды

Атырауда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама таратқан жігітнің кім екенін анықталды

 Айнұр Асылбекқызы 02.06.2022 | 17:48
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Атырауда қаладағы барлық білім бұйымдары мен сауда орталықтарында жарылғыш зат орнатылғандығы жөнінде жалған хабарлама таратты деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Атырау облыстық полиция департаментінің дерегі бойынша, күдікті бұл хабарламаны 25 мамыр күні қаладағы мекемелердің бірінің электронды поштасына жолдаған.

«Полицейлер шұғыл іздестіру шаралары барысында хабарламаның жалған екендігін анықтап және хабарлама жіберген электронды пошта иесін анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабымен («Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Бейресми дерек бойынша, күдікті онлайн ойынға әуес. Сондай ойын үстінде біреумен келісе алмай, оның электронды поштасын хакерлік жолмен бұзып, соның атынан жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратып жіберген. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама