×

Полиция екі күнде 300-ге жуық қылмыскерді ұстады – ІІМ

Сонымен қатар жоғалған 59 адамның орналасқан жері анықталды

 Динара Амантай 26.04.2024 | 17:26
Фото: polisia.kz

24-25 сәуір аралығында ТМД елдерінің аумағында мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген адамдарды анықтау және ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қазақстан ІІМ криминалдық полициясы 291 қылмыскерді, оның ішінде республикадан тыс жерде 31 адамды, шетелдік құқық қорғау органдарының сұрауы бойынша ел аумағында 173 адамды ұстады.

Мысалы, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген әйел Сочиде ұсталды. Варшавада іздеуде жүрген ер адам да қолға түсті. Ол Алматыда көлікті мас күйінде тізгіндеп, адам қағып кеткен. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келген.

Кісі өлтіргені үшін 2004 жылдан бері өзбекстандық тәртіп сақшылармен іздеуде жүрген қылмыскер Алматыда ұсталды. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында ресейлік әріптестермен 2015 жылдан бері денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін іздеуде жүрген ер адам қамауға алынды. Сонымен қатар жоғалған 59 адамның орналасқан жері анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама