×

БҚО тұрғыны су басқан үйінде бірнеше күн бойы қалып қойған

Қазір су басқан саяжайларды дронның көмегімен көруге болады

 Динара Амантай 26.04.2024 | 10:47
Фото: polisia.kz

БҚО-да полиция қызметкерлері бірнеше күн бойы су басқан үйінде қалып қойған ер адамды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция департаментінің басшылығы өз мүлкіне алаңдаған саяжай қоғамдары тұрғындарымен кездесу өткізуге барды. Тұрғындарға қазір су басқан саяжайларды дронның көмегімен көруге болатындығы және барлық аумақта полиция және құтқарушылар бар екендігі түсіндірілді. Сондай-ақ тұрғындарға келісім бойынша полиция және ТЖД қызметкерлерімен бірге жүзіп барып, өз үйлерін тексеру мүмкіндігі бар екендігі жеткізілді.

Бүгін полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау және су басқан елді мекендерді тексеру барысында БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Жанболат Жаншин, БҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі, полиция подполковнигі Асланбек Бисенғалиев Алматы қаласы ТЖД ӨҚЖ қызметкерлерімен бірге саяжай қоғамында тұрып жатқан азаматты байқады. Оның су басқан үйінде бірнеше күн бойы тұрғаны белгілі болды.

Ер адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама