×

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайтып оралуы мүмкін

Файтер 2020-2023 жылдар аралығында 7 жекпе-жектің біреуінде ғана жеңген 

 Дастан Жұмабекұлы 26.04.2024 | 10:33
Фото: instagram.com/jalgasjumagulovv/

Жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағүлов UFC-ге қайта оралуы мүмкін екенін айтты.

Мен жарақатымнан толықтай айығып қалдым. Жақын арада АҚШ-қа барамын. Тамыз айында жекпе-жек өткізгім келеді. Қазір UFC-мен келіссөз жүргізіп жатырмыз. АҚШ-та басқа файтердің орнына жекпе-жекке шығуым мүмкін. Болмаса, басқа жолмен октагонға шығамын. Енді бәрін уақыт көрсетеді, – деді Жұмағұлов.

Жалғас Жұмағұлов UFC-де 2020-2023 жылдар аралығында октагонға шығып, 7 жекпе-жектің тек біреуінде ғана жеңіске жеткен.

Файтер соңғы рет Алматыда Naiza 57 турнирінде АҚШ-тың өкілі Кливленд Маклинмен жекпе-жекке шыққан. Сол кезде ол аяғын сындырып алса да жеңіске жетті. Осылайша, 35 жастағы файтер октагондағы 16-жеңісін тойлаған.

Бұған дейін ол 2022 жылы америкалық файтер Чарльз Джонсонмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілгеннен кейін UFC-ден кететінін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама