РФ Қорғаныс министрі Астанаға жұмыс сапарымен келді

Дәурен Ерболат

Жиында өзекті мәселелер талқыланады

Фото: Ресейдің Қорғаныс министрлігі

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елордаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін қалада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді.

Ұйымға Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан мүше.

Бұған дейін Астанада ШЫҰ-ға мүше елдер Қорғаныс министрлерінің кеңесі өтетіні хабарланған еді.