Halyq Uni логотип
×

Қазнетте есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды

ҚМА әлеуметтік желіге мониторинг жүргізіп жатыр

 Динара Амантай 24.04.2024 | 09:23
Қазнетте есірткі сататын 3 ірі алаң анықталды
Фото: Halyq Uni

ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан Telegram мессенджерінің арналары, әлеуметтік желілер мен хабарландыру сервистері қамтылған жаһандық желіге мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің мәліметінше, мессенджерлердегі 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс назарға алынған. Ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.

Интернет-кеңістіктің қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық мүшесі бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары саналатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды.

Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.

Агенттік былтыр айналымы 25,6 млрд теңге болатын 36 есірткі дүкенін анықтады. Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.

Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі қаражаттың жалпы айналымы 3 млрд теңге болды. Айналымы 82 млн теңге болатын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама